Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Әлі күнге дейін кітап оқитын қостанайлық 114 жастағы кейуана ұзақ жасаудың сырымен бөлісті

KAZAKBOL.COM

Қостанай қаласының тұрғыны Марфуға Селтеткенова биыл 114 жасқа толды. Қария, әлі күнге дейін кітап оқып, ән салады деп хабарлайды 24.kz.

Тылда еңбек еткен ана қазақ елінің бірнеше мерейтойлық төсбелгілерін кеудесіне таққан. Марфуға әже өмір бойы қолынан қасиетті кітаптарын тастаған емес. Жасында медреседе діни сауат ашқан ол ана тілімен қатар орыс, араб, башқұрт, татар тілдерін жетік біледі. Кейуана ән де шырқайды. Марфуға әже тағдыр тауқыметін көп тартқан. 1902 жылы Ресейде туып, кейін замана желімен Меңдіқара ауданына келеді. Аштық, соғыстың да куәсі болған ана тылда еңбек еткен. Алғашқы қосағынан ерте айырылып, шиеттей төрт баласымен екінші рет тұрмыс құрған. Одан алты бала сүйіп, екі баланы бауырына басқан. Ауыр жылдары ауылда колхоз жұмысына жегіліп, киім тігіп, алаша тоқыған.

«Нан пісірдім. Жұмыс істеп жүрген адамдардың киімін де жудым. Сол ауылдың ударнигі мен болдым. Қандай жұмыс берсе бәрін істедім», — дейді тыл ардагері Марфуға Селтеткенова.

Алтыншы қызы 69 жастағы Жібекті айтуынша, анасы қонақжай, қайырымды, еңбексүйгіш адам екен.

«Балық аулауға, құс атуға келген кісілердің бәрі біздікінде болатын. Бие ұстайтын да біздің үй болған. Көршілер осы күнге дейін «әже, әже» деп біреуімізбен де бір ұрсысып, не жаман сөз айтып көрген емес, бәрімізді де қарсы алып отырады. Алланың жолында жүргесін, ылғи жақсылық жасағасын да ұзақ жасаған шығар деп ойлаймын», — дейді қызы Жібек Құрманова.

114 жастағы ана қоғам өмірінен шет қалмақ емес. Әжей биылғы сайлауда саяси таңдауын жасап, ел ертеңі үшін дауыс берген. Қазір ол тамырын терең жайған бәйтерек сынды. Бес баласының көзі тірі. Немере, шөбере, шөпшегі алпыстан асады.

Сонымен қатар кейуана ұзақ жасау үшін асты талғап ішіп, айрықша күтінбеген.

«Табиғи, ұлттық тағам және сабыр, еңбек, мейірім мен тазалық ғасырдан артық ғұмыр кешуімінің басты сыры» — дейді қейуана.



KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM