Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Назарбаев: Қазақстан ядролық қарусыздану келіссөзі үшін алаң ұсынуға дайын

KAZAKBOL.COM

Сәрсенбі, 21 қарашада Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада дипломатиялық корпус өкілдерімен кездесу кезінде, Қазақстан Ресей, АҚШ және Солтүстік Корея үшін ядролық қарусыздандыру бойынша келіссөз жүргізуге алаң ұсынуға дайын деп мәлімдеді.

«Басты державалар арасындағы қарым-қатынастардың текетірестік сипаты бірте-бірте шиеленісті тарқатуға бағытталған XX ғасырдағы тиімді тетіктердің күйреуіне әкеле жатыр. Бұл Шығыс-Батыс бағыты бойынша қаруланудың белең алуына әкеп соқтыратын әскери әлеуеттің шектен тыс артуына себеп болады», – деді Қазақстан президенті.

Елбасы ядролық державалардың жауапкершілік танытып, қару-жарақтарды таратпау және қарусыздану қағидаттары мен идеяларына адалдығын көрсетуге тиіс екенін айтты.

«Диалог пен сенімді қалпына келтіру кең ауқымды ядролық дағдарысқа итермелейтін түрлі жағдайлардың туындау қатерін өршітпеудің берік кепілі болмақ. Мен көптеген жылдар бойы әлемдік қоғамдастық алдында бүкіл адамзат үшін ең негізгі мәселе ретінде ядролық қару-жарақты таратпау режімін күшейту мәселесін көтеріп келемін. Бұған Қазақстанның жаһандық антиядролық қозғалысқа зор үлес қосқан мемлекет ретінде моральдық тұрғыдан толық құқы бар», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Биыл қазан айында АҚШ президенті Дональд Трамп Құрама Штаттар Ресеймен орта және шағын қашықтықтағы зымырандар жөнінде келісімнен шығуға ниетті екенін мәлімдеген. Оған себеп, Ресей келісімді бұзып, Еуропаға ядролық оқтұмсық тасымалдайтын шағын зымырандар орнатып жатыр деді. Бұл айыптауларды теріске шығарған Ресей Вашингтонға жауап ретінде «әскери-техникалық тұрғыдан тиісті шара қолданамыз» деді.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM