Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Өзбекстанда фермер мүлкі тәркіленгеннен кейін, асылып өлген

KAZAKBOL.COM

Өзбекстанның Жызақ облысында фермер болып жұмыс істеген 33 жастағы Санжар Баратовтың туыстары мәжбүрлеп орындау бюросының (МОБ) қызметкерлері мүлкін тәркілеген соң, ашынғанынан өзіне қол салды дейді.

33 жастағы фермер Санжар Баратовтың денесі 7 қарашада кешкісін ауласындағы мал қорада асылған күйі табылған. «Туыстары оны достарының үйіне қонаққа кетті деп ойлаған. Қазір бұл істі тергеумен аудандық прокуратура айналысып жатыр», – деді милиция қызметкері.

Марқұмның әкесі, 58 жастағы Рабим Баратов қайғылы оқиғадан бірнеше күн бұрын мәжбүрлеп орындау бюросы қызметкерлері үйге келіп, бар мүлікті тәркілеп кеткенін айтады.

«Сол күні үйде тек менің әйелім болды. Мен үйде болмадым. Ұлым Санжар алқапта жұмыс істеп жүрген. Келінім мақта теруге кеткен. Сол күні МОБ өкілдері аяқ астынан келіп, мүлікті тәркілейміз деген. Сосын үйге баса-көктеп кіріп, кілемдерді шығарған. Үйдегі тракторды келесі күні келіп алып кетеміз деген», — дейді марқұмның әкесі.

Ол МОБ өкілдерінің заңсыз әрекеті ұлыма өлім құштырды дейді.

МОБ басшысының орынбасары Акмаль Назаров бюро қызметкерлерінің әрекеті заңды дейді.

«Біз сот шешімі бар. Оған сәйкес фермер банктен алған несиесін жабу керек. Біздің қызметкерлер Санжар Баратовтың үйінен былтырғы қарыздары үшін орындау қағазы бойынша мүлкін алып кетті», – деді ол.

Оның айтуынша, былтыр Санжар Баратов банкке 57 миллион сум (6 мың 900 доллар), ал биыл 83 миллион сум (10 мың доллар) қарыз болған.

Рабим Баратовтың сөздерінше, былтырғы астықты өрмек кене жойып жіберген. Ал биыл құрттар пайда болып, егінге зиянын келтірген, сол үшін ұлым несиені дер кезінде өтей алмады дейді.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM