Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Әндіжанда жиналған мақтаға басшылық бұйрығымен құм қосқан

KAZAKBOL.COM

Өзбекстанның Әндіжан облысы Боз ауданындағы мақта қабылдау орындарында салмақ қосу үшін, көбі мақтаға құм араластырады. Кейде бұл жергілікті басшылық бұйрығымен жасалынады деп хабарлайды дереккөз.

Боз ауданындағы «Хавас» мақта қабылдау орнында жұмыс істейтін, аты-жөнін жариялауға қарсы болған ер адам мақта арасынан толтырылған құм шығатынын айтады.

«Біз бұл жайында басшылыққа айтамыз. Ал олар «үндемей шаруаларыңзы істеңдер» дейді. Біздің басшы бір сөзінде мұндай бұйрықты Боз ауданы басшысы беретінін айтып қалды. Ол кезекті рет мақта аз терілді деп сөгіс естігісі келмейтінін айтқан», – дейді ол.

Бұл жағдайды өзге жұмысшылар да растайды. «Мақта тиелген әрбір трактордың ішінен он бес қапқа дейін құм-тастар шығады. Біз бұл жайында басшылыққа айтып едік, ол құм зауытқа қажет болады деді де қойды. Ал мақта қабылдау бөлімінің басшысы құм салынғаны анықталған жағдайда, барлық кінә өзіне артылады ма деп қорқады. Ал мақта терушілер көп тонна мақта жинағандарын көрсеткісі келіп, көзбояушылық жасауға тырысады», – дейді «Хавас» мақта қабылдау бөліміндегі екінші бір жұмысшы.

Боз ауданы басшысының көмекшісі Хумоюн Содикжонов болса бұл жағдайдан хабарсыз екенін мәлімдеді.
centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM