Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Павлодарлық оқушы 1360 сіріңке қорабынан Қожа Ахмет Яссауидің кесенесін құрастырды

KAZAKBOL.COM

Қатысушылар Павлодар, Ақсу қаласы мен Баянауыл және Май аудандарынан келген.

Павлодарда М.Катаев атындағы оқушылар сарайында «Туған жер» бағдарламасын іске асыру мақсатында «Радуга детских талантов» атты облыстық балалар шығармашылығының фестивалі өтті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Шығармашылық пен қолөнер шеберлерінің фестивалінде кескіндеме, тоқыма, аппликация, жүнмен жұмыс жасау, қағаз өнері, кесте, квиллинг, пейп-арт, тігу, ағаш кесу, металды көркем өңдеу, табиғи және қалдықтармен өңдеу сияқты 63 жұмыс ұсынылды.

Бұл күні қатысушылар сайыскерлердің таңғажайып шығармашылық жұмыстары арқылы қазақ халқының мәдениетімен және дәстүрлерімен танысты.

Байқауға қосымша білім беру ұйымдарынан және жалпы білім беру мектептерінің оқушылары мен балалар қолөнер шығармашылық байқауының жеңімпаздары қатысты.

Екібастұз қаласының оқушылары фестивальде белсенділік танытып, байқауға 22 жұмыс ұсынды. Ал қалған қатысушылар Павлодар, Ақсу қаласы мен Баянауыл және Май аудандарынан келген.

7-18 жас аралығындағы оқушылар қазылар алқасына өздерінің таңғажайып жұмыстарын дайындап әкелді. Қазылар алқасы үш номинация бойынша жеңімпаздарды анықтады. «Бейнелеу өнері» номинациясымен кіші жас ерекшелік категориясы бойынша Екібастұз қаласынан келген Данияр Ескелдиев «Менің әлемім» суретімен бірінші орынды жеңіп алды.

Орта жас ерекшелік категориясы бойынша Павлодар қаласынан «Астана — 2050» жұмысымен Самира Амангелді үздік атанды.

«Сәндік-қолданбалы шығармашылық» номинациясы бойынша кіші жас ерекшелік санатында №9 мектеп-гимназиясының оқушысы Дарья Кузьмина қағаздан «Су әлемі астында» жұмысымен ерекше көзге түсті.

Орта жас санатында Екібастұз қаласынан Ксения Волкова «Күй шерткен домбыра» атты жұмысымен жеңімпаз атанды. Жоғары санаттағы қатысушылардан бірінші орынға қол жеткізген Екібастұз қаласынан «Ұлттық әшекейлері» атты аппликация жұмысымен Сабина Колумбаева болды.

«Көркем қолөнері» атты номинация бойынша жеңімпаз атанғандар: кіші жас ерекшелік санатында Екібастұз қаласынан Арайлым Каримова, орта және жоғарғы топтан Ақсу қаласы, Қызылжар мектебінен Темірлан Қалиев және Сұлтан Жутаев болды.

Арайлым — капроннан гүлдер, Темірлан – сіріңкеден кесене жасаса, Сұлтан металдан қыран жасап барша жұртты таң қалдырды.

— Бұл кесене екі оқу жылы ішінде әзірленіп, 1360 қорап пайдаланылды. Бұдан басқа, темірден қыран бүркіт жасадық. Бұл өте қүрделі жұмыс. Шыдамдылықты талап етеді. Өзіміздің «Шебер қолдар» үйірмеміз бар. Жұмыстардың барлығы өте керемет, — дейді Ақсу қаласы Қызылжар орта мектебінің ұстазы Асқар Ақанов.

Ақбота Сейсенбаева

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM