Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Ресей дәрігері өзбек сәбиінің өлімі үшін айыпталып жатыр (видео)

KAZAKBOL.COM

Калининград соты перзентхананың бас дәрігері Елена Белаяны үйқамаққа шығарды. Ол Өзбекстан азаматы босанған сәбидің өлімі үшін айыпталып жатыр.

Тергеу материалына сәйкес, 5 қарашада Өзбекстан азаматы №4 перзентханаға ауыр жағдайда түскен. Мерзімінен ерте туған сәбидің тыныс жолында қиыншылықтар болған. Мамандар егер сәбиге дер кезінде «Куросурф» дәрісін тағайындағанда, аман қалушы еді деп болжайды.

Калининград облысы тергеу басқармасының қорытындысы бойынша, перзентхананың бас дәрігері Елена Белая «Куросурф» препаратын сәбиге бермеу жөнінде шешім шығарған.

«Ол өзінің қарамағындағыларға сәбидің туу тарихын қайта жазып шығуды бұйырған. Медициналық құжатқа «бала анасының жатырында өлген» деген өзгеріс енгізген. Бала 700 грамм болып туылған, оны арнайы демалдыратын аппаратқа жатқызған. Бірақ соңында «Куросурф» дәрісі берілген. Бірақ сәбиді сақтап қалу мүмкін болмаған. Біз бас дәрігер сәби тірі қалмау үшін, осындай әрекетке барды деп есептейміз», – дейді тергеу басқармасының өкілі Наталья Гацко.

Тергеу кезінде Елена Белая «дәрінің өте қымбаттығымен» түсіндірген. №4 перзентхана қызметкері хабарлағандай, бас дәрігер тыйым салғанына қарамастан, ол «Куросурф» дәрісін балаға енгізген. Бірақ нәтиже бермеген. Кейін Белая «статистиканы бұзбау үшін» Өзбекстан азаматының сәбиі өлі туылды деп құжатқа өзгеріс енгізуді бұйырған.

№4 перзентхана бас дәрігері Елена Белаяға қарсы РФ Қылмыстық кодексінің «қызметін асыра пайдаланды» бабы бойынша іс қозғалған.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM