Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Ресейде педофил қолынан қаза тапқан бес жастағы қыздың денесін Душанбеге жеткізді

KAZAKBOL.COM

Мәскеу облысы Серпухова қаласында педофил қолынан қаза тапқан бес жастағы тәжік қызы Хувайдо Тиллозоданың денесін 25 шілдеде таңертең Мәскеуден Душанбеге жеткізді.

Қызды 22 шілдеде кешкісін жергілікті тұрғын зорлап, одан соң пышақтап өлтірген. Ертесіне оның денесін темір жол бойында жатқан сөмкеден тауып алды.

Марқұмның денесін елге қыздың ата-анасы, тәжік үкіметінің өкілдері алып келді.

Хувайдоның әкесі Абдусалом Саидов бір аптадан соң Ресейге қайтып оралып, қызын өлтірген адамға қатаң жаза тағайындалуы үшін кересетінін мәлімдеді. «Мен кісі өлтірушінің көзіне тура қарағым келген, бірақ маған рұқсат бермеді», — деді ол.

Хувайдоның денесін Куляб қаласына алып барды. Жерлеу рәсімі бүгін өтеді. «Кешкі сағат бестер шамасы болатын. қызды 5-10 минуттың ішінде ұрлап әкеткен… Оның денесін таңертең сағат төрттерде тапты», — деді Абдусалом Саидов.

​Тәжікстан сыртқы істер министрлігі 24 шілдеде бес жастағы Хувайдо Тиллозоданың өліміне қатысты нота жолдады. Душанбе Ресейден қылмыскердің қатаң жазалануын талап етті.

Мәскеу облысының тергеушілері хабарлағандай, қылмыс жасады деген күдікпен 28 жастағы жергілікті тұрғын Александр Семин ұсталды. Оның пәтерінен қыздың аяқ киімінің, саусақтарының іздері табылған.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM