Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Құс тұмауы: Қазақстан Ресейден құс өнімдерін импорттауға тыйым салды

KAZAKBOL.COM

Қазақстан ауыл шаруашылығы министрлігі құс тұмауына байланысты Ресейдің 36 құс фабрикасының өнімін елге кіргізуге тыйым салынғанын хабарлады. Халықаралық эпизоотикалық бюросы Ресейдің Курск, Пенза және Самара облыстары аумағында жоғары патогенді құс тұмауын тіркеген.

Министрлік ақпаратына қарағанда, Ресейдің бұл облыстарында эпизоотиялық ахуал нашарлай бастаған.

«Осыған байланысты, Қазақстан ауыл шаруашылығы министрлігі 21 маусымнан бастап тірі құстар мен инкубациядан шыққан жұмыртқа, құс мамығы мен қауырсыны, құс еті мен басқа да құс өнімдерін Қазақстан аумағына кіргізуге тыйым салды» делінген хабарламада.

Сонымен қатар Қазақстанға Ресейдің аталған облыстарынан жылумен өңдеуден өтпеген құс жемі мен оның қоспаларын, құсты ұстауға және союға арналған құрал-жабдықтарды әкелуге тыйым салынды.

Құс тұмауы жедел вирустық ауру саналады. Ауру құс бірден жойылады.

Құс тұмауы вирусы құстарға ғана емес, адамға да жұғады.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM