Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Экс-президент Атамбаев үйінің жанында арнайы қызмет жерін сатып алған

KAZAKBOL.COM

Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев Шу облысы Кой-Таш ауылындағы өзінің үйі жанындағы Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің 9-қызметіне қарасты жерді сатып алған. Бұл туралы ҰҚМК баспасөз қызметі хабарлады.

Комитет мәліметі бойынша, 1980-жылдары ауыл жерлері ҰҚМК-не саяжай үйлерін салуға берілген. 2017 жылы Атамбаев үйінің жанындағы жер 9-қызметке президент күзеті үшін берілген. Алмазбек Атамбаевтың президенттік мерзімі аяқталған соң бұл жер оған сатылған.

Құжаттарда ҰҚМК жері ауыл шаруашылық қызметіне арналғаны жазылған. Шын мәнінде ол жерде шағын үй, қосымша құрылыс және аула тұр, қалған аумағына ағаш отырғызылған. Мемлекет бұл жерлерді арнайы қызметке пайдалануға берген.

Экс-президент Алмазбек Атамбаев қазіргі таңда «Ала-Арча» мемлекеттік резиденциясында тұрады, ол бұл жерге 89 млн сомға (1,3 млн доллар) үй салып алды. Журналистерге сұхбатында Атамбаев Кой-Ташта тұрғысы келетінін, бірақ «әйелі қалада тұрғанды қалайтынын» айтқан.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM