Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Түркия сайлау комитеті: Ердоған президент сайлауында жеңді

KAZAKBOL.COM

Түркияның Жоғарғы сайлау комитеті іс басындағы президент Режеп Тайып Ердоғанның президент сайлауында жеңгенін мәлімдеді. Елде сайлаудың екінші кезеңі өтпейтін болды.

Сайлау комитетінің басшысы Сади Гювен 25 маусым күні таңертең журналистерге Ердоған басты қарсыласын «абсалютті басымдықпен жеңгенін» хабарлады. Бірақ ол Ердоғанның нақты қанша пайыз дауыс жинағанын айтпады. Сайлаудың түпкілікті нәтижесі 25 маусым күні кешірек жарияланбақ.

Бұған дейін мемлекеттік телеарна бюллетендердің 99 пайызы саналғанын, оның нәтижесі бойынша Ердоған 52,5 пайыз дауыс, ал оның басты қарсыласы Мухаррем Инже 31 пайыз дауыс жинағанын хабарлаған.

«Халық маған президенттік қызмет пен басқаруда сенім артып отыр. Сайлаушыларының 90 пайызға жуығы дауыс берген Түркия күллі әлемге демократия сабағын үйретті» деді 64 жастағы Ердоған Стамбулда жақтастарының алдында сөйлеп тұрып. Ол азаматтарға «қай партияны жақтайтынына қарамастан» сайлауға қатысқаны үшін алғыс білдірді.

Мемлекеттік БАҚ президент сайлауымен қоса өткен парламент сайлауында Режеп Тайып Ердоғанның «Әділет және даму» партиясы 41 пайыз, оның одақтасы Ұлттық қозғалыс партиясы (MHP) 11 пайыз дауыс, Мухаррем Инженің басты оппозициялық Республикалық халықтық партиясы (CHP) 23 пайыз дауыс жинағанын хабарлады.

Күрдшіл Халықтық демократиялық партия (HDP) 11,2 пайыз дауыс, оппозициялық ұлтшыл «Жақсы» партиясы 10 пайыз дауыс жинады.

Түркияның бір палаталы парламентінде 600 орын бар. Түркия заңы бойынша, парламентке өту үшін партиялар кемінде сайлаушылардың 10 пайыз даусына ие болуы тиіс.

Ресми мәлімет бойынша, президент пен парламент сайлауына дауыс беру құқығы бар сайлаушылардың 87 пайызы қатысты.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM