Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Шымкент қаласында «Мен және менің полицейім» атты кең көлемді акция өткізілді

KAZAKBOL.COM

Ағымдағы жылдың 27-29 қараша аралығында Жергілікті полиция қызметі басқармасының және Жол-патрульдік полиция полкінің қызметкерлері қала аумағында «Мен және менің полицейім» атты республикалық акциясы аясында бірқатар профилактикалық іс-шаралар өткізді.

№6 колледжде кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторлары жоғары сыныптың оқушыларымен бірлесіп, төменгі және кадет сыныптарының оқушылары жол қозғалысының қатысушылары екендігін және жол оқиғаларын алдын алу үшін қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау керектігін ескертті. Балалар бағдаршамның қай дабылы қосылғанда жолдан өтетінін және қандай белгілер жаяу жүргіншіге көмек болатыны туралы ескертті. Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторлар жол қозғалысының жас қатысушыларына жолда жиі болатын оқиғаларға ұшырамау үшін нені есте ұстау керектігіне баса назар аударып, түсіндірді. Сондай-ақ төменгі сынып оқушыларының арасында жол қозғалысының ережелері туралы суреттердің шығармашылық байқауы өтті.

Молда Мұса атындағы №5 орта мектепте кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторлар, психологтар, оқытушылар мен жоғары сынып оқушыларының қатысуымен «Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың жағдайы мен профилактикасы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шара барысында әрбір қатысушы өз баяндамаларын оқыды. Дөңгелек үстелде  кәмелетке толмаған жасөспірімдермен жасалатын қылмыс пен құқықбұзушылықты жасаудың себептері туралы, ол мәселелерді шешудің жолдары мен әдістері талқыланды.

А.Молдағұлова атындағы № 29 орта мектепте жоғары сынып оқушылары «Құқықбұзушылық және жауапкершілік» тақырыбында пікірталас ұйымдастырды. Пікірталастың қатысушалары осы бағытта құқықбұзушылықты болдырмау және оны алдын алу бойынша өз ойларын білдірді. Әрбір құқықбұзушылық әрекетіне тиісті жаза барын да нықтап түсіндіріп өтті.

№ 83 орта мектепте салтанатты түрде кадет сыныбы ашылды. Ашылу рәсіміне кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторлар, психологтар, оқытушылар, оқушылар және олардың ата-аналары қатысты. Іс-шара барысында инспекторлар кадеттерге төсбелгі тақты. Салтанатты рәсімнен кейін кадет сыныбы, жас қыран, жас ұлан оқушылары ресми түрде ант қабылдады. Сондай-ақ кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторлар қатысушылардың барлығына мектепте және оның сыртында тәртіп сақтау керектігін ескертті.

Жол-патрульдік полиция полкінің қызметкерлері жол қозғалысының жас қатысушыларына жол қозғалысының ережелерін еске салды. Сонымен қатар ересектердің жетегінсіз жүрген балаларға профилактикалық әңгімелесу жүргізді. Оқушылар алған білімдерін іс жүзінде бекітті. Полиция қызметкері балаларды жаяу жүргінші жолымен қалай өзін-өзі дұрыс ұстап өту керектігін түсіндіре отырып жолдан өткізді. Жолдан өтер кезінде балалар арнайы өту орнына арналған жаяу өтпе жолынан ғана өту керектігіне басты назар аудартты. Алдымен  оңға, одан соң солға қарап, жүргізуші көлігін тоқтатқанына немесе тоқтатуға ыңғайланғанына көз жеткізгеннен соң өту керек.

Шымкент қ. Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM