Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Шымкентте айып тұрағында 45 көлік жанып кетті

KAZAKBOL.COM

Шымкентте бүгін түнде айып тұрағында шыққан өрт салдарынан ондаған автокөлік жанып кеткен. Бұл туралы Қазақстан ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап жергілікті агенттіктер хабарлады.

«Өрт салдарынан айыппұл салынған 10 автокөлік пен жарамсыз деп танылып, жойылады деп қойылған 35 машина жанып кетті» деп хабарлайды Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеттің баспасөз қызметі.

Мамандардың болжамынша, өртке айып тұрағындағы «КАМАЗ» маркалы жүк көлігінің тұтануы себеп болған. Кейін тұрақтағы жеңіл автокөліктер мен сол жерге жақын орналасқан екі қабатты жихаз цехының шатыры жанған. Өрттің жалпы аумағы 294 шаршы метрді құраған.

Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеттің мәліметінше, түнгі сағат бірден кете шыққан өрт екі сағатқа жуық уақыттан кейін толық сөндірілген.

Айып тұрағындағы өрттен адамдар зардап шекпеген.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM