Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Тәліптер Ұлттық қарсылық майданы күштерінен жеңіліс тапты

KAZAKBOL.COM

Ауғанстанның Панджшер жазығында «Талибан» қозғалысы мен Ұлттық қарсылық майданы күштерінің арасында ұрыс жүріп жатыр.

«Талибан» содырлары Панджшер шаһарына батыс жақтан кіруге ұмтылды, бірақ жеңіліс тапты. Бұл жөнінде Озоди радиосына тәліптерге қарсы күштің өкілі Фахим Дашти хабарлады. Ол қазір тәліптерге қарсы күресіп жатқан күштің жетекшісі Ахмад Масудтың баспасөз хатшысы болып жүр.

Ашраф Ғани тұсында Ауғанстанның қорғаныс министрі болған Бисмилла Мухаммади Твиттер парақшасына тәліптер Панджшер қаласына өткен түні шабуыл жасағанын жазған. Тәліптер жеңіліп, шегініс жасаған.

Бірақ тәліптер шабуылды жалғастырып жатыр. Олар қазір Панджшер қаласын толық қоршап алған. «Олар НАТО-ның көмегімен Кабулды қорғай алмады, шағын ғана аумақта қайтіп қарсы тұрмақ?», — деп мәлімдеді «Талибан» өкілі Моттаки. Тәліп өкілі бұл аймаққа губернатор тағайындап қойғанын да мәлімдеді.

Панджшер Кабулдың солтүстік жағында орналасқан. Онда негізінен тәжік ұлтының өкілдері тұрады.

АҚШ әскері 30 тамызда 20 жылға созылған миссиясын толық аяқтап Ауғанстан аймағынан шығып кетті. Американың Ауғанстанға миссиясы 2001 жылы 11 қыркүйектегі терактіден кейін басталған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM