Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Тәжікстанда жыныстық қатынастан бас тартқаны үшін әйелін өлтірген адам сотталды

KAZAKBOL.COM

Тәжікстан оңтүстігінде Хамадони аудандық соты жергілікті тұрғын Фаррух Халифаевты әйелі Арус Раззокованы айуандықпен өлтіргені үшін, 11 жылға бас бостандығынан айырды. Марқұмның туыстары сот үкімімен келіспейді, одан да қатаң жаза беру керек деп есептейді.

Фаррух Халифаев 18 шілдеде Ресейден оралған күннің ертесінде әйелін өлтірген. Сол күні ерлі-зайыпты арасында жанжал шыққан. Фаррух Халифаев әйелін «көзіме шөп салдың» деп айыптаған. Бірақ сот барысында айыпты әйелі жыныстық қатынастан бас тартқаны үшін өлтіргенін мойындаған.

Марқұм Арустың сіңлісі Нигина Раззокова сол күні әпкесінің үйіне қонған екен. «Сол күні кешкісін әпкемнің үйінде қонақта болғам. Қайғылы оқиға жатын бөлмеде болды. Фаррух Арусты жыныстық қатынасқа шақырды. Бірақ әпкем «үйде қонақтар бар» деп бас тартты. Фаррух оны жұдырығымен ұрды. Әпкем есінен танып қалды. Жездем сосын ішіне пышақ салған. Біз жатын бөлмеге кіргенде, әпкем қансырап жатты», — дейді Нигина Раззокова.

Ол сот үкімі тым жеңіл деп есептейді. «Біз сот шешіміне қарсы шағымданамыз, адам өлтірушіге қатаң жаза сұраймыз», — деді ол.

Фаррух Халифаев 42 жаста. Соңғы жылдары Ресейде жұмыс істеген. Төрт баласы бар.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM