Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Ташкентте арнайы қызмет офицерінің ұлы Рембрандт суретіне таласып жүр

KAZAKBOL.COM

Ташкент қалалық соты Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің бұрынғы офицерінің ұлы Андрей Плужников арызын қарайды. Ол Рембрандт суретінің қожайыны екенін сот арқылы дәлелдегісі келеді.

Ташкент қаласы Яккасарай аудандық сотының 21 қарашадағы шешімі бойынша, атақты суретші Рембрандт салған делінетін суреті қайта сатқаны үшін Комил Юлдашевқа 52 миллион сум (6 мың доллар), ал Рафаэль Фузаиловқа 34 миллион сум (4 мың доллар) айыппұл салынды. Бұған қоса сот картинаны мемлекет меншігіне алуға үкім шығарған.

50 жастағы инженер Андрей Плужников құны 15 млн евро тұратын Рембрандт суреті өзінікі екенін мәлімдеді. Ол өз құқығын қалалық сотта қорғайтынын айтты. Андрей Плужников бұл сурет отбасында 50 жыл бойы сақталып келгенін айтты. «Бұл суреттің жалғыз қожайыны — менмін», — деді ол.

«Картина 1953 жылдан бері Өзбекстан мемлекеттік қауіпсіздік комитетінде жұмыс істеген әкемнен қалған. 2014 жылы мен суретті өнер туындыларын сатумен айналысатын Комил Юлдашевқа бердім», — деді Плужников.

Оның айтуынша, 2014 жылы Юлдашев суретті алып, хабарсыз кеткен. «Мен алақтық құрбаны болғанымды прокуратураға жеткіздім. Қылмыстық іс ашылды. Мен қылмыс құрбаны болдым, енді куәгер мәртебесіне шығарып отыр», — деп түсіндірді Плужников.

Өзбекстан мәдениет министрлігі шенеунігінің айтуынша, сурет 2018 жылдың маусымында Израильге ұшуға беттеген Рафаэль Фузайлов жүгінен табылған. Картинаға Мәскеудегі Sotheby’s бөлімшесінің сарапшылары баға берген. Олар суретті 8- 15 миллион евроға бағалаған.

Бірақ Плужников суретті мемлекет меншігіне алмас бұрын, оны өзінен сатып алуы керек деп есептейді.

Өзбекстан бас прокуратурасы істі бақылауға алғанын хабарлаған.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM