Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Трамп АҚШ-қа доқ көрсеткен Иранға «абай болуын» ескертті

KAZAKBOL.COM

АҚШ президенті Дональд Трамп Иран президенті Хасан Роуханиға Вашингтонға доқ көрсеткені үшін «абау болуын» ескертті. Трамп мәлімдемесін твиттерде жариялады.

«Иран президентті Роуханиға: Бұдан былай Құрама Штаттарға доқ көрсетуші болма, әйпесе опық жейсіз. Біз енді сендердің зорлық пен өлім туралы қорқыту-үркітулеріңе төзіп отыра беретін ел емеспіз. Абай бол!» – деп жазды америкалық президент.

Бір күн бұрын Иран жетекшісі Хасан Роухани Иранмен жанжалдың арты жақсылыққа апармайтынын АҚШ-қа ескерткен. «Иранмен дос болу — бейбітшілікті сақтау, Иранмен соғысу — соғыстың сазайын тарту екенін Америка түсінуі керек. Трамп мырза, арыстанның құйрығын баспаңыз. Өкініп қаласыз» — деп мәлімдеді Роухани. Президенттің ирандық дипломаттармен кездесуде айтқан бұл сөздерін мемлекеттік IRNA жаңалықтар агенттігі таратты.

Трамп мәлімдемесінен бірнеше сағат бұрын Мемлекеттік хатшы Майк Помпео Иранның рухани көсемі аятолла Әли Хамене мен басқа да дін қызметкерлерін «екіжүзді» деп атап, Иранның билік құрылымдарын «мафияға» балаған.

Тегеран мен Вашингтон арасы 2017 жылы АҚШ президенті қызметіне Дональд Трамп келген соң ушығып кетті. Сол жылы көктемде АҚШ Иранның ядролық бағдарламасы жөніндегі бірлескен жоспардан шығып, оған қатысты санкцияларын кеңейтті.

2015 жылы Ұлыбритания, Германия, Қытай, Ресей, Франция және АҚШ басшыларының Иранмен жасасқан келісімінде Тегеранның ядролық бағдарламасынан бас тартуы, АҚШ пен Еуроодақтың Иранға салған санкцияларын алып тастауы қарастырылған.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM