Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Украина Конституциялық соты ЕО мен НАТО-ға қосылуды мақұлдады

KAZAKBOL.COM

Украинаның Конституциялық соты елдің Еуропа Одағы (ЕО) мен НАТО-ға қосылу шешімін мақұлдады. ЕО мен НАТО-ға қосылу туралы заң жобасын президент Петр Порошенко ұсынған. Сот мақұлдауы Украинаның аталған ұйымдарға қосылу ниетін ресми түрде бекітеді.

НАТО-ның парламенттік ассамблеясы Шығыс Еуропада «Ресей қауіп-қатеріне қарсы тұру үшін» Украинаны альянсқа қосуды талай рет ұсынған. Мәскеу болса Шығыс Еуропада басқыншылық саясат жүргізіп отырғанын жоққа шығарады.

Украина ЕО мен НАТО-ға қосылу үшін бірқатар экономикалық және саяси реформалар жүргізуі керек. Порошенко мұндай реформалар 2030 жылға қарай жасалатынын мәлімдеген. Дегенмен, Украина қазір НАТО-мен бірлескен әскери жаттығуларды жиі өткізеді. Ресей НАТО-ның Шығыс Еуропаға қарай ұлғаюына қарсы шығып, ауқымды әскери жаттығу өткізіп жүр.

2013 жылы Еуромайдан деп аталған жаппай халық толқуына қатысқандар Украинаның Еуропа Одағына қосылуын талап еткен. Қазір Украинада Еуромайданның басталғанына бес жыл толғанын атап өтіп жатыр.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM