Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қырғыз депутаты: шекарашылар туристерден 5-10 доллар көргендей болмасын

KAZAKBOL.COM

Қырғызстан Грузия секілді ашық ел болуы керек деп мәлімдеді қырғыз парламентінің депутаты Жанар Акаев.

Депутаттың пікірінше, визасыз жүйедегі 60 күндік мерзімді алып тастау керек, ал терроризм және басқа да қауіпсіздік мәселелері — авторитарлық елдерге тән жағдай. Оның айтуынша, Қырғызстан Грузия секілді ашық ел болуы керек.

Акаевтің айтуынша, 2012 жылы премьер-министр Омурбек Бабанов 44 елге визасыз жүйе енгізді, оның пайдасы болды. «Мысалы, 2012 жылы Германиядан Қырғызстанға 6 874 турист келсе, биыл тоғыз айда бұл елден 19 130 турист келген. Сауд Арабиясынан 2012 жылы Қырғызстанға 129 турист келген, ал биыл тоғыз айда бұл көрсеткіш 10 мыңға жетіп отыр», — деді ол.

Жанар Акаев Қырғызстан үшін туризм басым бағыттардың бірі болуы тиіс деп есептейді, сол арқылы халықтың жағдайды да көтеріледі.

Шекара және кеден қызметтеріне, үкімет өкілдеріне үндеу тастаған депутат әуежайға ағылшын тілін білетін қызметкерлер тартуды ұсынды. «Ол туристерден 5-10 доллар көргендей болмасын, ағылшын тілін білетіндер туристерге дұрыс қарасын», — деді Жанар Акаев.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM