Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қырғыз парламенті экс-президент Атамбаевтың кірісін тексеруді талап етіп жатыр (видео)

KAZAKBOL.COM

Жоғаргу Кеңеш депутаты Иса Омуркулов экс-президент Алмазбек Атамбаевтың табысы қайдан келіп жатқанын тексеру керек деп мәлімдеді.

«Мен Атамбаевтың қанша байлығы бар екенін білмеймін. Әрбір шенеунік заңға сәйкес, декларация толтырып, барлық табысы мен мүлкін ашық көрсету керек. Егер ол адам дұрыс анықтама бермесе, жауапқа тартылуы тиіс. Оның кімдер арқылы қосымша табыс тауып отырғанын да анықтау қажет. Егер ол кәсібінен табыс тапса, өнімінің көлемі, кірісі, шығысы жөнінде толық мәлімет беруі тиіс. Әрбір адам, оның ішінде Атамбаев та кірісін ашық көрсетпегені үшін, жауапкершілікке тартылуы керек», — деп есептейді Омуркулов.

Депутаттың пікірінше, әңгіме миллион сом емес, миллиондаған доллар жайында болып тұр. «Мұндай ақшаны қысқа мерзімде табуға бола ма? Күмәнді, сол себептен тексеру керек», — дейді Омуркулов.

Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев мемлекет басшысы болғанға дейін жеке кәсібінен миллиондаған пайда тапқанын мәлімдеп келген. «Апрель» телеканалына берген сұқбатында табысының көздерін де айтқан.

23 қарашада Бас прокуратура Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетке қоғам қайраткері Эдил Байсаловты тергегеннен кейін, Атамбаевтың Түркиядағы бизнесін сатуынан түскен табысты тексеруге бұйрық берген.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM