KAZAKBOL.COM

Бішкек пен Ташкент қырғыздың Барак жерін өзбек жерімен алмастыру жөнінде келіссөздер жүргізіп жатыр. Бұл жөнінде Ош облысының үкіметтегі өкілі Байыш Юсупов мәлімдеді.

7 тамызда Ферғанада шекараны бөлісуге байланысты екі ел үкіметі өкілдерінен құралған жұмыс тобының кезекті кездесуі өткен. Онда негізінен қырғыздың Барак эксклавын өзбек жерімен алмастыру мәселесі талқыланған.

Қырғызстан өкілі Байыш Юсупов бұл мәселе бойынша екі тарап әлі нақты шешімге келмегенін айтты.

Барак эксклавының көлемі 230 гектар, ауылда 75 қырғыз азаматы тұрады. Жергілікті тұрғындар көп жылдардан бері шекарадан өту кезінде қиындықтарға тап болып жүр. Қырғыз үкіметі бұл жерге гуманитарлық көмек жіберіп тұрады.

2017 жылы Қырғызстан мен Өзбекстан шекара сызығын алып жатқан 1 378 шақырым жердің 1 170 шақырымы бойынша келісімге келген. Қалған 208 шақырым бойынша 2017 жылдың соңына дейін нүкте қойылу керек болған. Бірақ жұмыс аяқталмады.

7 тамызда Өзбекстан СІМ Ферғана облысы мен Қырғызстанның Баткен облысының ортасында орналасқан Шахимардан және Газнов ауылдарын бөлу мәселесі қарастырылып жатқанын мәлімдеген. Шахимардан — Қырғызстан аумағында орналасқан екі өзбек анклавының бірі.

centralasian.org

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, здесь напишите ваш комментарий!
Пожалуйста, здесь введите ваше имя