Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Өзбек мигранты тәжік әріптесінің басын кесіп, пешке өртеген

KAZAKBOL.COM

Ресейдің Волгоград облысы Ленин ауданы Бахтияровка ауылында жантүршігерлік қылмыс тіркелді, деп хабарлады «НовостиВолгограда.ру».

Мал шаруашылығымен айналысатын нысында жұмыс істейтін екі мигрант жанжалдасып қалған. Олар малқорада төбелескен.

«Өзбекстанның 36 жастағы азаматы Тәжікстанның 51 жастағы азаматын пышақтап өлтірген. Одан соң күдікті қылмысын жасыруға тырысқан. Өлген адамның басын кесіп алып, пешке тастаған, ал денесін шөпке жасырған», — деді аудандық тергеу органының басшысы Евгений Выстропов.

Сол күні кешке мигрант болған оқиғаны бір әріптесіне айтып, оны құпияда ұстауын сұраған. Бірақ ол бірден құқыққорғау органдарына хабарлаған.

«Күдікті сол күні ұсталды. Оның психикалық саулығына күмән бар. Өйткені басты пешке жағуын ол өзінен көз аламаған соң осылай жасағанын айтқан», — деп хабарлады Евгений Выстропов.

Тергеу бөлімі күдіктіні қамауда ұстау туралы сотқа арыз дайындап жатыр.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM