Самарқанда алты жасар қыз екі айлық інісі жатқан бесікті өртеп жіберген. Бұл жайында жергілікті БАҚ Өзбекстан ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Ата-анасы үйіндегі балаларын қараусыз тастап кеткен. Ал сіріңкемен ойнап отырған кішкентай қыз бесікке от қойған. Бесікте екі айлық шақалақ болған.
Ата-анасы өртті сөндіріп үлгерген, ал балалары әртүрлі деңгейдегі күйік жарақатымен ауруханаға түскен.
KAZAKBOL.COM