Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Үндістанда әлемдегі үлкен отбасының отағасы қайтыс болды: оның 39 әйелі, 94 баласы және 33 немересі бар

KAZAKBOL.COM

Үндістанның Мизорам штатында әлемдегі үлкен отбасының отағасы, 76 жастағы Зиона Чана қайтыс болды. Оның 39 әйелі, 94 ұл мен қызы, 14 келіні және 33 немересі бар. Оның қайтыс болғанын Мизорам штатының ішкі істер министрі хабарлады.

Зиона Чана «Чана Павл» деп аталатын жергілікті сектаның лидері болған. Бұл секта көп әйел алуды насихаттайды. Оны 1942 жылы әкесі құрып кеткен. Қазір бұл сектаның мүшелері Бактаунг ауылында тұрады. Онда қазір 400 отбасы бар.

Зиона Чана отбасын көру үшін сол ауылға әлемнің әр түкпірінен туристер барады. Оның өзі жиһаз жасайтын фабрика мен шошқа өсіретін ферманың иесі. Осының арқасында ол дәулетті болып, бір ауылды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.

Зиона Чана алғаш рет 17 жасында үйленген.

Үлкен отбасы 100 бөлмеден тұратын 4 қабатты үйде тұрады. Соңғы кезде ол қант диабетімен және қан қысымы ауырымен ауырған екен.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM