Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Супермаркетте соққы алған тәжік мигрантын Ресейден депортациялайды

KAZAKBOL.COM

Тәжікстан азаматы Хафизахон Бутаева Мәскеу облысы Щелково қаласындағы «Магнит» супермаркетінде қатты соққыға ұшыраған соң, полицияға шағымданған. Бірақ оған жергілікті полиция: «Сен мигрантсың, сенің арыздануға құқығың жоқ», — деп жауап берген.

«Магнит» супермаркетінің жұмысшыларымен арадағы жанжал өткен жылдың жазында басталған. Сол кезде 39 жастағы Хафизахон Бутаева сауда нүктесінен сатып алған мерзімі өтіп кеткен йогуртты қайтарып берген. Бұған көңілдері толмаған сатушылар оны есінде сақтап қалған. 3 наурызда кешке супермаркеттің бір сатушысы Хафизахон Бутаеваны ұрлық жасады деп айыптап, оны қатты соққылаған, тіпті басын жарған.

«Милиция қызметкерлері маған сатушының үстінен арыз түсірмеуімді сұрады. Олар маған ашықтан-ашық: «Сен мигрантсың, сенің арыздануға құқың жоқ. Біреу сұраса, құлап қалдым дей сал», — деген кеңес берді», — деді Бутаева.

Ол Щелково аудандық прокуратурасына барған, мекемедегілер оған жарақатты сараптамадан өткізу керектігін айтқан. «5 наурызда мен ауруханаға бардым. Сол жерде мені милиция қызметкерлері ұстады. Олар мені милиция бөліміне, одан соң сотқа алып барды. Сотта мені депортациялау туралы шешім шығарды. Мен оларға Ресейде төрт жылдан бері тұратынымды, құжаттардың барлығы дұрыс екенін айттым, бірақ мені ешкім тыңдамады», — деді мигрант.

Бутаева сот шешіміне шағымданып, Тәжікстан елшілігінен көмек сұраған.

Жәбірленуші Хафизахон Бутаева екі баланың анасы, Щелково қаласында кондитерлік кәсіпорында жұмыс істеген.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM