Қырғыз парламенті 8 наурызда шеру ұйымдастырушылар мен оның мақсаты туралы құқыққорғау органдарының мәліметімен танысады. 13 наурызда осындай шешім қабылданды.
Парламент отырысында депутат Жылдыз Мусабекова Орталық Азияда алғаш рет гей-шеру өтті деп мәлімдеді. Ол митингті кім және қандай мақсатпен ұйымдастырғанын білу үшін парламентке ҰҚМК, ІІМ өкілдерін шақыртуды талап етті.
Мұндай талапты депутат Алмазбек Эргешов қолдап, мұндай шеруледің Қырғызстанда өтуі дұрыс емес деп мәлімдеді. Спикер Дастан Жұмабеков парламент құқыққорғау органдарының мәліметтерін тыңдайтынын, бірақ бұған қатысты ешқандай шешім қабылданбайтынын айтты. Шешім шығару үшін мәселе алдымен комитеттерде қаралуы тиіс деп түсіндірді ол. Депутаттар органдардың ақпаратын тыңдауға келісті.
8 наурызда Бішкекте әйелдер құқықтарын қорғауға арналған дәстүрлі шеру өткен. Акцияға қатысушылардың бірқатары ЛГБТ-қауымдастығын қолдайтын транспаранттар мен плакаттар алып шыққан. Бұл жағдай қаланың кейбір тұрғындарының ашуын туғызған.
Елдегі «Кыргыз чоролору» қоғамдық бірлестігі осындай шеру өткізуге рұқсат берген шенеуніктерді жазалауды талап етті.
KAZAKBOL.COM