KAZAKBOL.COM

Өзбекстан сыртқы істер министрлігінің бұрынғы жоғары лауазымды шенеунігі Кодиржон Юсуповқа «мемлекетті сатты» деген айып тағылған.

Дипломаттың туыстарының айтуынша, 67 жастағы Юсупов көп жылдан бері психикалық аурумен ауырады, 2018 жылы 3 желтоқсанда Ташкент метросында рельске құлап кетіп, абырой болғанда, аман қалған. Экс-дипломат басынан жараланған, сол кезде ауруханада оны «батыс тыңшысы» деп атай бастаған. Ауруханаға келген арнайы қызмет өкілдері соның негізінде оған қарсы қылмыстық іс қозғаған.

Туыстары Кодиржон Юсуповты соңғы рет 9 желтоқсанда ауруханада көрген, одан соң оны арнайы қызметтің тергеу абақтысына ауыстырған. Содан бері дипломат туралы ешқандай хабар жоқ, оның отбасы ұсынған адвокатқа оны қорғауға рұқсат бермеді.

Юсупов Өзбекстанның Австриядағы, Ұлыбританиядағы және Таяу Шығыстағы елшіліктерінде жұмыс істеген. 2002-2005 жылдары сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметін басқарған.

Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі тергеушісінің хабарлауынша, Кодиржон Юсупов тағы екі ай қамауда болады, одан соң оның ісі сотқа беріледі. Юсупов он жылдан жиырма жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

centralasian.org

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, здесь напишите ваш комментарий!
Пожалуйста, здесь введите ваше имя