Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Түркия Орталық Азия азаматтары үшін визаға жеңілдік жасады

KAZAKBOL.COM

Түркия 10 қарашада Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстан азаматтары ел аумағында визасыз 90 күн тұра алатынын ресми түрде мәлімдеді. Бұған дейін Орталық Азияның бүл үш елінің азаматтары Түркияда 30 күн визасыз жүре алатын еді.

Түркияның ішкі істер министрлігі Өзбекстанның елдегі 30 мыңнан астам азаматын тіркеуге алды. Олардың шамамен екі мыңға жуығы ғана заң жүзінде жұмыс істейді, жұмыс визасын алған. Үй қызметкері, жалдамалы жұмысшы болып істейтіндер негізінен ресми рұқсат алмаған немесе туристік визамен жүр.

Миграция мәселесін зерттеуші Мұрат Эршахиннің айтуынша, визасыз жүріп-тұру уақытын созу Түркияда тұрақты түрде жұмыс істейтіндерге қиындық туғызуы мүмкін.

«Орталық Азия елдерінің азаматтарына жұмыс визасын алуда қиындық жоқ. Құжаттарын өткізіп, рұқсат алуы керек. Түрік консулдығы түсіндіру жұмыстарын жүргізеді деп үміттенемін», — деді ол.

2015 жылы Ресей мен Түркия қарым-қатынасы суыған уақытта, бұл елде Ресей туристері азайған. Бұл жағдай Түркияның туризміне кері әсер етті. Халықаралық қатынастар жөніндегі маман, доцент Сердар Йылмаздың пікірінше, визасыз жүріп-тұру мерзімін 90 күнге созу туралы шешім экономикалық, саяси және мәдени жақындастырудан туған.

«Мұндай шешім мемлекеттер арасында сенімді күшейтеді. Түркия Орталық Азия елдері үшін жеңілдіктер жасап отыр, бұл елдерден де сондай қарым-қатынас күтеді», — деді ол.

2018 жылдың қарашасындағы мәлімет бойынша, Түркияда 787 мыңнан астам шетел азаматы тіркелген. Олардың 383 мыңы туристік визамен еңбек етіп жүр. Еңбек визасын алған мигранттар саны — 56 мың. Орталық Азия елдерінен Түркияға жұмыс істеуге Түркіменстан мен Өзбекстан азаматтары көп барады. 2018 жылы Түркияда 20 мыңнан астам қырғызстандық тіркелген. Олардың тоғыз мыңнан астамының еңбек визасы бар.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM