Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Тәжікстандағы колонияда наразылықты басу кезінде бірнеше адам қаза болды

KAZAKBOL.COM

Тәжікстанның Худжанд қаласында орналасқан қатаң режимдегі колонияда наразылықты басу барысында бірнеше адам қаза болды.

Түрмедегі тәртіпсіздік 8 қарашада түнде басталған, деп хабарлады дереккөз. Баскөтеру себебі белгісіз. Колонияға милицияның арнайы жасағы кіргізілген, көтеріліс күшпен басылған. «Көтерілісшілер суық қарумен қаруланған. Төтенше жағдай себептерін тергеу басталды», — деді дереккөз.

Оның айтуынша, баскөтеруді басу кезінде бірнеше адам қаза болған. «Әзірге қаза тапқандар мен жараланғандар саны белгісіз. Менің мәліметім бойынша, бірнеше адам қашып бара жатқан уақытта қаза тапқан. Бірқатары колония аумағынан қашып шыққан», — деді ол.

Түнгі сағат 22.30-дан 23-ке дейін колония аумағында атыс дауысы шыққан. Бірақ Худжанд қаласының Түзету мекемелері басқармасы бұны жоққа шығарды, бірақ дабыл қабылғанын растады.

Куәгерлер қаланың барлық көшелерінде, сонымен бірге Өзбекстан мен Қырғызстанға апаратын тас жолдарда күзет қойылғанын айтты. Тәжікстан билігі Худжанд түрмесіндегі баскөтеру туралы хабарлаған жоқ.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM