Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Шымкентте ВИЧ жұқтырған 44 әйел сәбилі болған

KAZAKBOL.COM

Биыл Шымкент қаласы мен Түркістан облысында ВИЧ жұқтырған әйелдердің 44-і босанған. Бұл туралы Шымкент қалалық СПИД орталығы бас дәрігерінің орынбасары Қожахмет Маширов айтты.

Қожахмет Машировтің сөзінше, 44 әйелдің біреуі егіз бала тапқан. Барлық баланың денсаулығы жақсы, ВИЧ жұқтырмаған. «ВИЧ жұқтырған» 13 әйел сәби күтіп отыр.

«Соңғы үш жылда ВИЧ жұқтырған әйелдерден 535 бала дүниеге келді. Олар дүниеге келгеннен есепке алынып, бір жарым жыл дәрігердің бақылауында болады. Қазіргі уақытқа дейін есепке алынған 535 баланың 320-сы есептен шығарылды. 15 баладан ВИЧ табылды. Қалғаны әлі тіркеуде тұр» дейді бас дәрігердің орынбасары.

Қожахмет Машировтің айтуынша, әйелдердің жүкті кезінде дәрілерді уақтылы ішпегендіктен және жүктілік кезінде емханаға келіп тексерілмегендіктен жаңадан туған балалар ВИЧ жұқтырған.

Шымкент қалалық СПИД орталығы Шымкент қаласы және Түркістан облысында ВИЧ жұқтырған тұрғындарды тіркеуге алады.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM